Навигация

    • «Бала шақтан – болашаққа» атты шеберлік зертханасы

      «Бала шақтан – болашаққа» атты шеберлік зертханасы

         Ақтөбе білім-инновация лицейінің оқушылары Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн шеңберінде өткізілген «Бала шақтан – болашаққа» атты шеберлік зертханасына қатысты. 9-класс оқушылары Ельчанинов М., Жүсіп Н., Ермағамбетов А. «ЭКСПО -17» көрмесіне дайындаған жұмыстарымен таныстырып, қатысушы қонақтардың ерекше ықыласына бөленді. Шара соңында аталған кітапхананың директоры С.Хакимова үздік жұмыстары үшін оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.

    • Түрік тілі күні

      Түрік тілі күні

         Пән мұғалімі Рахман Оксюз лицейдің 7-9 кластарының оқушылары арасында түрік тілінен білім жарысын ұйымдастырды. Бұл додада 7 «А» және 9 «А» класс оқушылары І орын жеңіп алды. 7-8 кластар арасында сурет байқауы өткізілді. Түрік тіліндегі ең ұзақ сөздерді айту жарысы өте қызықты өтті. Оқушылар бұл күнгі ұйымдастырылған шараларға белсене қатысты.

    • «ТамашаLIKE» - 10 «Ә»

      «ТамашаLIKE» - 10 «Ә»

         Ақтөбе облысының білім-инновация лицейінде «ТамашаLIKE» көңіл көтеру кешін 10 «Ә» класы өткізді. Балалар ән шырқап, би билеп, көріністер мен әзілдерімен, түрлі ойындарымен көрермендер ықыласына бөленді.

    • «E-Day» ағылшын тілі күні

      «E-Day» ағылшын тілі күні

         Ақтөбе білім-инновация лицейінде «E-Day» ағылшын тілі күні аталып өтті. Пән мұғалімдерінің белсенді атсалысуымен бірқатар шаралар жүзеге асты. Бұл күннің мақсаты оқушылармен бірге мұғалімдердің де ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, тіл үйретудің жаңа тәсілдерін таныстыру болды. Осы орайда ұйымдастырылған шараларды нақтыласақ, мұғалімдер үшін «Kahoot» ойыны ұйымдастырылды. Алдын ала берілген сөздер мен сөз тіркестерін мұқият жаттаған олардың бірқатары жақсы нәтиже көрсетті. Лицейдің 1-қабатында 7-сынып оқушылары үшін «Pictionary» ойыны жүргізілді. Ойынның шартына сәйкес оқушылар берілген сөзді немесе сөз тіркесінің мағынасын шектеулі уақытта сурет арқылы ашуға тиіс еді. Бұл күні 8-сынып оқушылармен «Scavenger Hunt» ойыны ұйымдастырылды. Ойынның шарты бойынша оқушылар лицей қабырғасында жасырылған жұмбақ сөзді шектеулі уақыт ішінде табуға тиісті болды. 9-10-сынып оқушыларымен «Karaoke Battle» сазды бағдарлама сайысы өткізілді. Оқушыларды билетіп, ән салдырған бұл сайыс барша қатысушылар үшін ерекше көңіл күй сыйлады. Ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер үшін арнайы «Clue Bloom» жарысы ұйымдастырылды. Әр топтың мүшесі кезекпен берілген сөздерді атамай, өз тобына мағынасын жеткізуге тырысты. Қатесіз дәл табылған сөз топ қоржынына бір ұпай боп жиналды. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша белсенділік танытқан математика пәні мұғалімі Аликулов Асқар жеңімпаз «King of the E-Day» атанса, мұғалім апайлар арасында өткен жарыста топ жарған география пәні мұғалімі Қалбек Санзираға «Queen of the E-Day» деген атақ тапсырылды. Сағат кешкі 17.15-те мұғалімдер үшін тәттілер толы дастархан жайылып, Ұлыбританияның ғасырлар бойына қатаң сақталып келе жатқан «5 o’clock Tea» (кешкі сағат 5-гі шай) дәстүрі бойынша шай ұсынылды. Барша шараларға белсене қатысып, үздік деп танылған оқушылар келесі күні оқушылар жиынында арнайы сертификаттармен марапатталды.

    • «Под парусом словесности»

      «Под парусом словесности»

         Ақтөбе білім-инновация лицейінде «Под парусом словесности» айдарымен орыс тілі күні аталып өтті. Орыс тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Валиева А.С. 7-сыныпта С.Михалков «Сон-живописец» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Пән мұғалімдері Баймуратова З.Ж., Валиева А.С. «Разнородные синонимы», «Мы – полиглоты», «Монополия», «В царстве русского языка» викторина, ойындарын ұйымдастырды. «Литературный парусник» іс-шарасында оқушылар орыс классиктерінің шығармаларымен қоса өз туындыларын да оқыды. 7-сынып оқушылары пән мұғалімдерімен бірге Көркемөнер музейіне барды.

      Оқушылар бұл шараларға белсене қатысты, ерекше қызығушылық танытқан балалар марапатталды.

    • Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған автошеру

      Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған автошеру

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбе қаласында автошеру ұйымдастырылды. Зиялы қауым өкілдері, қоғамдық бірлестік мүшелері, мұғалімдер мен оқушылардан құралған шеруді салт атты 5 жігіт бастады. Автошеруге Ақтөбе білім-инновация лицейінің ұстаздары, тәрбиешілері мен оқушылары да қатысты.

      Үш жүзден астам адам мен жиырма бес автокөліктен құралған автошеру жастардың бойында отансүйгіштік сезімін оятып, тарихи тұлғалар өмірінен сыр шертуді мақсат етті. Барлық қатысушылар мен қала тұрғындары тарихи тұлғалар ескерткіштері алдында сахналық қойылымдарды тамашалады, ел тарихына қатысты тағылымды әңгімелер тыңдады.

    • Білім олимпиадасында ерекшеленген оқушыларды марапаттау

      Білім олимпиадасында ерекшеленген оқушыларды марапаттау

         «KATEV» Білім олимпиадасының 1-кезеңі бойынша үздік ондыққа енген оқушылар лицей әкімшілігі тарапынан марапатталды. Оларға лицей буфетінен тегін тамақтануға арналған есеп карталары берілді. КБО-ның екінші кезеңінде тыңғылықты дайындығы мен білімге деген талпынысымен үздіктер қатары көбейеді деген сенімдеміз.

    • «Ұлы дала ағартушысы» атты онлайн-конференция

      «Ұлы дала ағартушысы» атты онлайн-конференция

         Педагог, ағартушы, көрнекті жазушы және қоғам қайраткері, фольклоршы, этнограф Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына арналған «Ұлы дала ағартушысы» атты онлайн-конференцияға Ақтөбе білім-инновация лицейінің оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Базарғалиева Б.Т. және кітапхана меңгерушісі Утарбаева Г.Б. бірге қатысты. Конференцияны С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасымен бірлесіп өткізді.

      Лицейдің 9 «Ә» класс оқушылары Әділхан Еркебұлан Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі бойынша ой өрбітті, ал Бағытжанов Абыл мен Қуан Ерасыл ақынның «Ананың сүюі», «Өзен» өлеңдерін мәнерлеп айтты. Шара соңында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана директоры көркем әдебиетке қызығушылығы зор лицей оқушыларына естелікке кітаптар сыйлады. Оқушылар конференциядан жақсы әсер алып, үлкен ой түйді.

    • Жаңа форматтағы мектеп бітіру емтиханы туралы облыстық семинар

      Жаңа форматтағы мектеп бітіру емтиханы туралы облыстық семинар

         2016 жылғы 24 қараша күні Ақтөбе білім-инновация лицейінде «Эссе – оқушының метатанымдық дамуының көрсеткіші» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізілді. Аталған шараны Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Қ.Т.Сатыбалдина мен лицей директоры Я.Мызрак ашып, мектеп түлектерін жаңа үлгіде емтихан тапсыруға дайындау жұмысының өзектілігін атап өтті.

      Облыстық семинардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазуда жазба жұмыс құрылымы мен талаптарын сақтай отырып, оқушыларды эссе жазуға дайындаудың тиімді, нәтижелі әдіс-тәсілдерімен бөлісу.

      Семинарға облыс және қала мектептерінен 60-тан астам мұғалім қатысты. Семинардың теориялық бөлімінде лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Т.Базарғалиева білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасы бойынша жұмыс түрлері туралы баяндама жасады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Б.Т.Базарғалиева, Н.Т.Азимова «Оқушылардың жазылым іс-әрекеті дағдысын дамыту, эссе жазуға үйрету» тақырыбында шебер-класс көрсетсе, Н.А.Бермагамбетова, Г.М. Башембаева эссе жазуға үйретудің оңтайлы әдістерімен бөлісті. Мұғалімдер семинар жұмысында белсенділік танытып, қызу пікірталас жүргізді. Семинар қорытындысында рефлексия жүргізіліп, сертификаттар тапсырылды.

    • Дебат клубы

      Дебат клубы

         Ақтөбе білім-инновация лицейінде дебат клубы ашылды. Ашылу салтанатында Республика, облыс, қала көлемінде пікірсайыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүрген Ақтөбе қаласы № 55 жалпы білім беретін орта мектебі және Новый орта мектебі оқушыларының «Әділет» және «Жас ұлан» пікірсайыс клубының мүшелерінің, қалалық дебат клубының жетекшісі Тобылбаев Е. қатысуымен дебат ұйымдастырылды. Лицейдің тарих пәні мұғалімі Елеуов Е. дебат клуб жетекшісі болып белгіленіп, пікірсайысқа қатысуға өз ниеттерін білдірген оқушылар дебат ережелерімен танысып, қызығушылық танытты.

      Балаларды өз ой-пікірін нақты әрі тұжырымды жеткізе білуге, дәлелді сөз саптауға баулитын пікірсайыс клубының жұмысына сәттілік тілейміз.

    • Ата-аналар спартакиадасы

      Ата-аналар спартакиадасы

         Ақтөбе білім-инновация лицейінде ұйымдастырылған ата-аналар спартакиадасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

      Волейбол ойыны бойынша 1-орынды – 10 «А», 2-орынды – 11 «Ә», 3-орынды – 9 «А» және 9 «Ә» класы ата-анлары иеленді.Теннистен 1-орынды – 7 «А», 2-орынды – 8 «Ә», 3-орынды – 9 «Ә» класы ата-аналары жеңіп алды. Шахмат ойыны бойынша 1-орынды – 11 «Ә», 2-орынды – 10 «Ә», 3-орынды – 9 «Ә» класының ата-аналары иеленді. Жүлделі орын иеленген ата-аналар марапатталды. Спартакиадаға ата-аналар белсене қатысты.

    • «Лицейлердегі өзін-өзі басқару ұйымдары: жетістіктер мен перспективалар» тақырыбындағы республикалық форум

      «Лицейлердегі өзін-өзі басқару ұйымдары: жетістіктер мен перспективалар» тақырыбындағы республикалық форум

         11-12 қараша күндері «KATEV» ХҚҚ ұйымдастыруымен «Лицейлердегі өзін-өзі басқару ұйымдары: жетістіктер мен перспективалар» тақырыбындағы республикалық форумы өткізілді. Форум еліміздің 35 білім-инновация лицейінің өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілерін жинады. Ақтөбе білім-инновация лицейінің «Жас ұлан» ұйымының ұланбасы Сабыр А. қатысып келді.

      Республикалық форум аясында ҚР Парламент сенатының ғимаратын аралап, ҚР Парламент мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлмен, ҚР БҒМ вице-министрі Элмира Суханбердиевамен кездесу ұйымдастырылды. ҚР Тұңғыш Президент музейін аралап, «Нұр орда» мектеп-лицейінде спорттық және интеллектуалдық ойындарға қатысты. «ХҚОӘ» АҚ Басқарушы директоры Саясат Нұрбекпен кездесіп, «Мен өз білім ошағымның көркеюіне қандай үлес қоса аламын?», «Ел дамуына қандай мамандықтар таңдаған жөн?» және «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында әңгіме өрбітті.

    • Тоғызқұмалақ ойыны жеңімпаздары

      Тоғызқұмалақ ойыны жеңімпаздары

         «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ХVІІ облыстық Спартакиада бағдарламасына сәйкес тоғызқұмалақтан сайыс өткізді.

      Барлығы 144 оқушы қатысқан үлкен додада Ақтөбе білім-инновация лицейінің 9 «Ә» класының оқушылары Әділхан Еркебұлан, Бағытжанов Абыл, 10 «А»-класы оқушысы Сәбитұлы Данияр облыстық деңгейдегі сайыста І орын жеңіп алды.

      Жеңімпаз шәкірттерімізге республикалық кезеңде сәттілік тілейміз.

    • Атырау лицейіндегі әріптестермен іс-тәжірибе алмасу

      Атырау лицейіндегі әріптестермен іс-тәжірибе алмасу

         Ақтөбе білім-инновация лицейінің мұғалімдері Атыраудағы әріптестеріне барып, іс-тәжірибе алмасып қайтты. Атырау лицейінің көркем безендірілген кабинеттерін аралап, пән мұғалімдері оқытудың озық әдістемелері жөнінде ой бөлісті. Замануи әдістемелерге сәйкес білім беру ұйымдарының арасындағы желілік кәсіби қоғамдастық жұмысы бағыттары, қазақ тілін меңгертудегі жаңашылдықтар, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту тәжірибелері ортаға салынып, келелі кеңес өтті. Атырау білім-инновация лицейінің әкімшілігі Орта ғасырлардағы Алтын Орданың ірі сауда және экономикалық орталығы болған, бүгінде «Хан Ордалы Сарайшық» атты мемориалды кешеніне, Атырау облыстық өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырды.

      Әріптестік байланыс келешекте де жүйелі жалғасын таппақ.

    • «Наркескен тілмен жыр етем, Мәңгілік елдің мұратын» атты республикалық ақындар айтысы

      «Наркескен тілмен жыр етем, Мәңгілік елдің мұратын»  атты республикалық ақындар айтысы

         «Нұр Отан» партиясы және облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбеде «Наркескен тілмен жыр етем, мәңгілік елдің мұратын!» атты республикалық ақындар айтысы ұйымдастырды. Айтыскерлер Мұхтар Ниязов, Шұғайып Сезімхан, Рүстем Қайыртай, Ершат Қайболдин, Айнұр Тұрсынбаева, Айбек Қалиев, Мақсат Аханов, Жәнібек Бейбітов, Ринат Зайытов, Қазірет Бердіхан, Серік Қалиев, Марат Ахметов, Біржан Байтуов, Оразбек Қиынбаев, Данияр Алдабергенов, Қазыбек Байжұманов қатысқан жыр додасын Ақтөбе білім-инновация лицейінің 9-сынып оқушылары қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімдері Базарғалиева Б.Т., Азимова Н.Т. бірге тамашалап қайтты.

      Қазақтың төл өнері, сөз барымтасы – айтыстан оқушылардың алған әсері зор.

    • 8 «Ә» класы – «Ең таза жатақхана» кубогының иегері

      8 «Ә» класы – «Ең таза жатақхана» кубогының иегері

         І тоқсан қорытындысы бойынша лицейдің «Ең таза жатақхана» ауыспалы кубогы 8 «Ә» класына табыс етілді. Кубокты жатақхана меңгерушісі Базарбаев Жанболат табыс етті. Сайыс жыл бойы жалғасады.

    • Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

      Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

         «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Үштілді білім беру: ізденіс, проблемалар және даму болашағы» тақырыбында on-line режимінде Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция жұмысына шекаралық, аймақтық серіктестікті нығайту мақсатында Ресейдің Орынбор Мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік педагогика және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д, профессор Сальцева Светлана Васильевна; п.ғ.д., профессор Жданова Светлана Николаевна қатысты. Инновациялық тәжірибе алмасу мақсатындағы зерттеу мәселелері бойынша Конфуций институтының директоры, Цин Зун академигі, профессор Ли Цзяньхун, Конфуций институтының директоры ф.ғ.д., профессор Шоқым Г.Т., Ақтөбе қаласы «Назарбаев зияткерлік мектебі» директорының орынбасары Нейтон Лоурер, ААМУ ф.ғ.к., доцент Жубанова Ардақ Есетовна, сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының мамандары мен жетекшілері сөз қозғады.

      Пленарлық мәжілісте Ақтөбе білім-инновация лицейінің директоры Я.Мызрак және тілдер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Баймуратова З.Ж. лицей ұжымының үш тілде білім беру тәжірибесі туралы сөз сөйледі. Панельдік сессияда лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Базаргалиева Б.Т., орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймуратова З.Ж., ағылшын тілі пәні мұғалімі Бекбаганбетов Н.О. оқушылардың үш тілде оқу сауаттылығын арттыру тәжірибесімен бөлісті.

      Конференция жұмысы қорытындысы бойынша белсенді қатысушы лицей ұстаздары марапатталды.

    • ТамашаLIKE

      ТамашаLIKE

         11 «А» және «Ә» кластарының «ТамашаLIKE» концерті өтті. Концертті лицей оқушылары, ұстаздар мен ата-аналар тамашалады. Оқушылар бар ынтасымен, айрықша қызығушылықпен дайындаған кеш өте қызықты өтті.

    • Ұстаздар арасындағы спорттық жарыс

      Ұстаздар арасындағы спорттық жарыс

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбе білім-инновация лицейінде мұғалімдер арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа лицей мұғалімдері түгел қатысты. «Сұңқар», «Болашақ», «Тұлпар», «Барыс» командалары арасында тартысты ойын өтті. Бас жүлдені «Сұңқар» командасы жеңіп алды, І орынды «Болашақ» командасы иеленді. Лицей мұғалімдері спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтауда шәкірттеріне жақсы үлгі таныта білді.

    • Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану

      Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  тиімді қолдану

         Ақтөбе білім-инновация лицейінде «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучинг-сессияны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Базарғалиева Б.Т. ұйымдастырды. Лицейдің барлық мұғалімі белсене қатысқан бұл шарада «Ақпараттық-комммуникациялық технологияны не үшін пайдалануға болады?» сұрағы жан-жақты қарастырылды. Пән мұғалімдері АКТ-ны көрсетілім, модельдеу, бағалау мен талдау, ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас, тестілеу және растау құралы ретінде пайдалануға қатысты іс-тәжірибелерін ортаға салып, мәселені бірлесе талқылап, сұрақтарына жауап алды. Қазіргі заман талабына сай оқытуда өз тәжірибесінде тиімді қолданып жүрген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін ұсынды. Оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында жаңа цифрлық технологияларды қолдануға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Рефлексия барысында лицей мұғалімдері коучинг-сессияның өзектілігі мен пайдалылығына тоқталды.

    Contact

    • Ақтөбе Білім-инновация лицейі
      Ағ. Жұбановтар көшесі, 263а, Актобе 030012, Казахстан
    • 8 (7132) 564578

    Map