Шахмат ойыны бойынша облыс мектептеріндегі үздік ойыншыларды анықтау, оларға қолдау көрсету, республикалық спартакиадаға облыстық құрама командасын жасақтау мақсатында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік-ғылыми тәжірибелік қосымша білім беру орталығы 2015 жылғы 3-4 желтоқсан аралығында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті жанындағы колледжінде XVI облыстық спартакиада аясында шахматтан мектеп оқушылары арасында жарыс өткізді. Жарысқа 87 оқушы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары – Махатов Жұмабек, Аязбаев Данат, Жұмахмет Әли І орын иеленіп, жеңіс тұғырынан танылды. Командалық есепте де І орын жеңіп алып, оқушылар алдына жан салмады.
Лицей директоры Якуп Мызрак мырза жеңімпаз оқушыларды құттықтады.
26 қараша күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында ғалым, профессор З.Б.Байдосовтың «Зұлмат пен үрей: зобалаң анатомиясы» атты төрт томдық еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті.
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын ұмытпау, жас ұрпақты ұлт зиялыларын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған танымдық шараға Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған қазақ -түрік лицей -интернаты оқушылары және тарих пәні мұғалімі А.Г.Батыргалиева мен кітапхана меңгерушісі Г.Б. Утарбаева қатысып қайтты.
Кітаптың бірінші томында өткен ғасырдың жиырмасыншы-қырқыншы жылдарында Ақтөбе облысы бойынша зобалаң тарихын талдау, екінші томында автордың ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облыстық департаментінің мұрағатында жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының материалдары берілген. Ал үшінші және төртінші томдарында ғалымның 1997 жылдың ақпан-қыркүйек айларында аталған мекемедегі зерттеу еңбектері бойынша жазылған анықтамалық тізбелер көптеген өзгерістерімен және толықтыруларымен берілген.
Шара соңында профессор З.Б.Байдосов 4 томдық «Зұлмат пен үрей: зобалаң анатомиясы» кітабына өз қолтаңбасын ескерткіш ретінде жазып, лицей оқушыларына табыс етті.
2015 жылдың 2 желтоқсанында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде Ақтөбеде «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен батыс аймағының төрт облысының арасында Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев баяндамасында облыста «ЭКСПО-2017» үшін дайындық жұмыстарының белсенді түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Аталған маңызды шара барысында ұйымдастырылған «Болашақ энергиясы – жастардың энергиясы» атты көрмеде Ақтөбе облыстық қазақ-түрік лицейінің оқушылары өз ғылыми жобаларын көпшілік назарына ұсынды.
Ағымдағы жылдың 30 қараша күні Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты кеш болып өтті. Ұлт көшбасшысының жарқын келбетін, биік болмысын, кемел дарынын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара лицей ұстаздары мен оқушыларының белсенді атсалысумен өткізілді.
Мерекелік шара барысында Елбасымыздың өмір жолдарынан бастап қызметтік кезеңдерін, сондай ақ ел басқарған жылдардағы мемлекетіміздің жеткен жетістіктерін тарих пәнінің мұғалімі Елеуов Е. кеңінен әңгімелесе,ал кітапхана меңгерушісі Утарбаева Г. оқушылардың көмегімен 4 бөлімнен тұратын виртуалды кітап көрмесін келушілер назарына ұсынды.Кеш аясында Президентіміздің сөзіне жазылған бірқатар әндер шырқалып, Елбасымызға арналған өлең жолдарын 7 «Б» сынып оқушылары нақышына келтіріп оқып берді. Кешті лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Баймаханов Б. қорытындылап, шараның маңыздылығына тоқталды және кешке қатысқан ұстаздар, оқушылар мен ата-аналарды мерекемен құттықтады.
Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында Тұңғыш Президент күніне орай Батыс Қазақстан өңірі қазақ-түрік лицейлерінің ата-аналары арасында волейбол, теннис, шахмат ойындары бойынша «Денсаулық – зор байлық» атты спартакиадаға Ақтөбе қазақ-түрік лицейі ата-аналарының командасы қатысып, жүлделі жеңістермен оралды. Волейболдан ІІ орын жеңіп алды. Теннистен аналар арасында өткен сайыста Төлегенова Гүлжан І орын алды; әкелер арасында - Жұмабаев Совет ІІІ орын иеленді.
Аймақтық спартакиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырған Маңғыстау қазақ-түрік лицейі ұжымына ата-аналар мен ұстаздардың алғысы мол.
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2015 жылғы 27 қарашада Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернаты базасында «Оқытудың даралануы –оқушылардың жобалау дербестігін және жеке дамуы траекториясын жүзеге асыру» тақырыбында математика, физика, информатика, география, биология пәндері бойынша облыстық шебер-класс өтті.
Мақсаты - облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім ұйымдары педагогтерінің үздік тәжірибесін тарату, оқушыларды ғылыми жарыстарға, пәндік олимпиадаларға дайындауда әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету.
Шебер-класқа әр ауданнан барлығы 120 мұғалім, облыстық мамандандырылған білім ұйымдарынан 15 мұғалім қатысты.
Шебер-класс барысында Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының математика пәні мұғалімі Б.М.Бисекенов «Volume of sphere»/«Сфераның көлемі» тақырыбында ашық сабақ және «Дарынды оқушының шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту – білім беру ісінің маңызды міндеттерінің бірі» тақырыбында шебер-класс; физика пәні мұғалімі А.М.Казыбеков «Educations of motion»/«Қозғалыс теңдеулері» тақырыбында ашық сабақ және «Физиканы оқытуда PASCO құрал-жабдықтарын тиімді пайдалану» тақырыбында шебер-класс; биология пәні мұғалімі А.М.Байжаханов «Skeletal system»/«Тірек-қимыл жүйесі» тақырыбында ашық сабақ және «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістемесі және сабақта АКТ-ны қолдану» тақырыбында шебер-класс; география пәні мұғалімі С.Ө.Қалбек «Африка материгі» тақырыбында ашық сабақ және «Оқушыларды пәндік олимпиадаларға таңдау және сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру» тақырыбында шебер-класс; информатика пәні мұғалімі Е.Б.Шаниев «Functions. Loops. Recursion»/«Функциялар. Рекурсия» тақырыбында ашық сабақ және «Сабақтағы бағдарламалау. Информатика пәні бойынша олимпиадаға дайындау» тақырыбында шебер-класс өткізіп, инновациялық жұмыс жүйесімен бөлісті.
Шебер-класты аталған пәндер бойынша оқушылардың жобалау жұмыстары мен шығармашылық, зертханалық жұмыстарының көрмесі жалғастырды.
Шебер-класс жұмысы лицей психологі Жантикенова К. ұйымдастырған рефлексиямен аяқталды. Қатысушылар пікір алмасып, шараның ұйымдастырушылары «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО-на және лицей әкімшілігі мен шебер-класс өткізген педагогтерге ризашылығын білдірді.
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернаты ұстаздары lesson study – сабақты зерттеу тәсілін тиімді жүзеге асыруда. Мұғалімдер әр сынып бойынша топтарға бөлініп, сабақты бірігіп жоспарлап, қолданып, талдап, аталған тәсілді қолдану нәтижесінде жинақталған білім мен дағдыларын әріптестеріне таратуда. Оқушылардың білім сапасын және мұғалімдердің кәсіби білімін, әдістемелік шеберлігін арттыру мақсатындағы бұл тәсілдің маңыздылығы мен пайдалылығы жоғары.
2015 жылдың 27 қарашасы күні Ақтөбе қаласында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Өскелең ұрпақты «Мәңгілік ел» Ұлттқы идеясы негізінде тәрбиелеудегі ата-аналар қауымдастығының рөлі» тақырыбында ата-аналар форумы өткізілді.
Облыстық форум жұмысы нәтижесінде мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс жасап, жоғары жетістіктерге қол жеткізуде сіңірген еңбегі үшін Ақтөбе облыстық қазақ-түрік лицейінің ата-аналар комитетінің төрағасы Муталиева Гүльнара Абдисагиевна облыстық білім басқармасының Алғысхатымен марапатталды.
Облыстық деңгейдегі жоғары марапат – лицейдің ата-аналары комитетінің және барлық ата-аналарының бірлескен, нәтижелі еңбегінің көрсеткіші. Біз, лицей ұжымы, лицейдің барлық ата-аналар қауымына шексіз ризашылығымыз бен алғысымызды білдіре отырып, шын жүректен құттықтаймыз.
2015 жылғы 23-26 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен Теміртау қаласында өткізілген VІІІ Президенттік олимпиаданың қорытынды республикалық кезеңі аяқталды.
Мемлекет басшысының жеке тапсырмасы бойынша өткізілген олимпиаданың басты идеясы – қазақстандық оқушыларды жоғары білімді, зияткерлік, жоғары патриоттық рухта тәрбиелеу, жаратылыстану – математикалық ғылымдарды тереңдете оқыту.
Аймақтық кезеңнің қорытындысы бойынша Президенттік олимпиаданы өткізу ережесіне сәйкес жоғары ұпай жинаған Республика бойынша қорытынды кезеңге 165 оқушы қатысып, 41 оқушы жеңімпаз атанды. Соның ішінде Ақтөбе облысының намысын қорғаған 14 оқушының екеуі Ақтөбе облысының жеңімпаздар қоржынын екі күміс медальмен толтырды. Олар:
1. Ахметжанов Нұрсұлтан - Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей – интернатының 11 класс оқушысы;
2. Жорабек Ілияс - Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей – интернатының оқушысы 11 класс оқушысы.
Жеңіс тұғырынан танылған шәкірттерімізді құттықтаймыз.
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының физика пәні мұғалімі Казыбеков Арнұр «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспары бойынша 7 «А» сыныбында «Acceleration» тақырыбында республикалық деңгейде онлайн сабақ өткізді.
Республикамыздың білім беру ұйымдарының назарына ұсынылған сабақ өте мазмұнды әрі қызықты өтті, жоғары бағаланды.
2015 жылғы 21 қараша күні Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ -түрік лицей-интернаты кітапханасының оқу залында 9-класс оқушыларына «Зиянды заттардың зардабы» тақырыбында тәрбиелік шара конференция түрінде өткізілді.
Шараның мақсаты - оқушыларға шылым, ішімдік, есірткінің зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты ұғындыру, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.
Лицей дәрігері Ильясова С., медбике Сырбаева А., кітапхана меңгерушісі Утарбаева Г., психолог Жантикенова К. жасөспірімдерге шылым шегудің, ішімдікке әуестенудің, есірткіге салынудың зияны туралы ақпарат берді, оқушылардың назарына бейнефильмдер ұсынып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында тренинг өткізді.
Дарынды жасөспірімдерге арналған
Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ -түрік лицей-интернаты
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы жалпы білім беретін мектептер мен облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарының 9 – 11класс оқушылары арасында физика пәнінен VІІІ облыстық "Квант" турнирін өткізді.
Турнирге 4 құрама команда қатысты: Ақтөбе қаласының қазақ мектептерінің құрама командасы, Ақтөбе қаласының орыс мектептерінің құрама командасы, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей интернатының құрама командасы және Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының құрама командалары. Әр командада 15 оқушы және 1 жаттықтырушы болды.
Оқушылардың жұмыстарын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғалымдары бағалады. Турнирде командалар 3 күн бойы физика пәнінен өз білімдерін сынға салды.
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей интернатының құрама командасы (жаттықтырушысы - А.М Казыбеков) І орын иеленді. 11-класс оқушысы Койшекенов Н. І орын; 9-класс оқушысы Бауыржан А., 10-класс оқушысы Мұратов Н., 11-класс оқушысы Сейпілжанов Ш. ІІ орын; 9-класс оқушысы Латиф Э., 10-класс оқушылары Мирасбеков Е., Төрегалиев Ә. ІІІ орын жеңіп алды.
Жүлдегер шәкірттерімізді құттықтаймыз, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе
облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей интернаты
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатында оқушылардың Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы жақсы жолға қойылған. 2015 жылғы 16 қараша күні лицей Оқушыларының Парламенті Президентін сайлау өткізіліп, оған ұстаздар мен оқушылар түгел қатысты. Үміткерлер сайлау алды бағдарламаларын алдын ала таныстырған болатын.
Аталған шара қорытындысы бойынша лицей президенті болып 10 «В» сынып оқушысы Аманғос Еламан сайланды. Лицейдің биылғы түлектері – 11-сынып оқушылары бір жыл бойы абыроймен атқарған қызметтерін жаңа жасақталған Оқушылар Парламентіне тапсырды.
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Мың бала» республикалық мәдени - ағартушылық жобасының аясында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 -сыныпта оқитын оқушылары арасында Ақтөбе қаласында «Қазақстан – ортақ мекеніміз» тақырыбында облыстық шығармашылық байқау өткізілді.
Байқауға бірнеше ұлт өкілдерінен барлығы – 16 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша Ақтөбе облыстық қазақ-түрік лицейінің 7 «В» сынып оқушысы Айбар Метин Джан ІІ орын иеленіп, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының дипломымен марапатталды.
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернаты мен М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты бірлесе отырып, жас ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зардабы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу, адам құқықтары жайлы түсініктерін кеңейту және патриоттық тәрбие беру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ міндет» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстардың алатын орны ерекше. Әр азамат өзінің құқықтарын, өзіне қарсы қандай да бір заңға қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Сондықтан Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп атап көрсеткен.
Семинарға жергілікті білім беру ұйымдарының және «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының өкілдері, облыс мектептерінің және мектептің педагог қызметкерлері қатысты.
Өзекті тақырыпқа арналған семинар М.Құсайынов атындағы АОДБАММИ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нуралина С.Н. алғы сөзімен ашылды. Шара барысында Ақтөбе облыстық қазақ-түрік лицейінің орыс тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Баймұратова З.Ж. ұйымдастыруымен «Жемқорлық – қоғам дерті» атты коучинг өткізілді. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Башембаева Г.М және пән мұғалімдері Қалбек С.Ө, Батырғалиева А.Ғ ұйымдастырумен өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық жазаны қатайту керек пе?» тақырыбындағы дебат көпшіліктің көңілінен шықты. Дебатқа Ақтөбе облыстық қазақ-түрік лицейінің мұғалімдері Оразымбеков Б..О., Елеуов Е.С., Кулманов А.С. және тәрбиешілері Али А., Нұрмағамбетов С.С., Сансызбаев Ж.К. қатысты. «ХХІ ғасыр қоғамындағы сіздің рөліңіз» тақырыбында ток-шоуды М.Құсайынов атындағы АОДБАММИ тарих пәнінің мұғалімдері Алматова Р.Қ, Смадияр К.С. өткізді. Облыстық семинар соңында М.Құсайынов атындағы АОДБАММИ психологі Музеева Ә.Ө. мен ҚТЛ психологі Жантекенова К.Қ. өткізген «Сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүрейік» тақырыбындағы рефлексияда қатысушылар ой бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе
облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернаты
2015 жылғы 18 қарашада «Нұр-Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен қосымша білім берудің ғылыми-техникалық бағыттағыбағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді.
Үйлестіру кеңесінде Балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру сұрақтары қарастырылды.
Отырысқа Ақтөбе облысының әкімі Сапарбаев Бердыбек Машбекұлы, Облыстық маслихат хатшысы Қалдығұлова Сәния Мусақызы, облыс әкімінің орынбасары Нұрқатова Сара Қайыржанқызы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Шер Раиса Петровна, облыстық білім басқармасы басшысы Самұратова Жанат Бақытжанқызы және Астана қаласы мен Атырау, Маңқыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстық білім басқармасының өкілдері, Ресей Федерациясынан, яғни Москва қаласы мен Челябі облысының техникалық қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығы бағдарламаларын жүзеге асыратын қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, қосымша білім беру педагогтары, үкіметтік емес және коммерциялық құрылымдардың өкілдері, барлығы 300-ден астам адам қатысты.
Кеңес отырысына Ақтөбе облыстық қазақ-түрік лицейінің директоры Мызрак Якуп, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Баймаханов Батырхан және пән мұғалімдері қатысты. Кеңес отырысына қатысушылар «Нұр-Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратының фойесінде ұйымдастырылған қазақ-түрік лицейі оқушыларының радиотехника мен робот техникасы шығармашылығы көрмесімен / жетекшісі информатика пәні мұғалімі Шаниев Ержан/ танысып, дарынды балалардың шығармашылық жұмысына оң бағаларын берді.
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе
облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернаты
Жоғары сынып оқушыларының бейіндік оқытылуындағы басты талаптардың бірі – оларға кәсіби бағдар беру, мамандықтар әлемімен таныстыра отырып, мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеу.
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының 10,11-сынып оқушылары күзгі демалыс уақытында директордың ата-аналармен жұмыс жөніндегі орынбасары Оксюз Абдурахмен ағайларының жетекшілігімен Астана қаласындағы жоғары оқу орындарын аралады.
Алдымен Астана қаласындағы заманауи және қарқынды дамып келе жатқан халықаралық университет – Назарбаев Университетіне барып, Қазақстанда халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес жұмыс істейтін және дербестік пен академиялық еркіндік қағидаттарын басшылыққа алған ең алғашқы жоғары оқу орнымен танысты.
Содан соң Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне және КАЗГЮУ Университетіне барып, өкілдерімен сұхбаттасты, оқу ғимаратын аралап, музейінде болып, ашылу тарихымен танысып, жақсы жабдықталған кітапханасын көрді.
Лицей оқушылары еліміздің бас қаласына сапардан үлкен әсермен оралды.
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе
облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернаты
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатында «Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансері» МКК бас дәрігері Татимов Ерлан Асқарұлымен кездесу кеші болып өтті. Аталған кездесу Қазақстан Республикасы отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015 – 2020 жылдарға арналған жалпы ұлттық іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылып, оған лицей оқушылары мен дәрігер мамандар және ұстаздар қатысты. Өз кезегінде Татимов Ерлан Асқарұлы Қазақстан Республикасы медицина саласындағы жағымды жаңалықтармен бөлісе келе, облысымыздағы туберкулезге қарсы күрес, айтулы дерттен сақтану жолдары және алдын алу шаралары туралы оқушыларға әңгімелеп берді.
Қазіргі таңда бұл ауруға материалдық жағдайына және қоғамдағы статусына қарамастан кез келген адам шалдығуы мүмкін. Туберкулез таяқшасы ағза таңдамайды. Оның дамуына иммундық жүйе жағдайының айтарлықтай маңызы бар. Созылмалы ілеспе аурулар иммунитетті төмендетеді. Қым-қуыт тірлік ағзаны әлсіретеді, үнемі шаршау, сонымен қатар, жиі кездесетін күйзелісті сәттер қорғаныш күштерінің әлсіреуіне және аурудың пайда болуына, дамуына әсер етеді. Зиянды әдеттер мен калориясы аз диетаға әуестер де баршылық, бұл да ағзаны әлсіретеді. Сондықтан әр адам өз денсаулығына мұқият қарауы тиіс.
Кездесу барысында оқушылар денсаулық сақтау саласы бойынша қонаққа сұрақтарын қойып, пікір алмасты, пайдалы сұхбатқа алғыстарын жеткізді.
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе
облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернаты
Ақтөбе қаласы № 31 орта мектебінде 1-7 сынып оқушылары арасында Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Аталған конкурста облыс бойынша 419 жоба – 500 оқушы тыңдалып, бағаланды.
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облысының мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының командасы 9 оқушы жүлдегер атанып, үздік командалар қатарынан табылды.
Лицейдің 7-сынып оқушылары Асылұлы Биболсын, Махамбетов Алишер – І орын (психология секциясы); Айбар Метин Джан, Мажит Бекзат – ІІ орын (этномәдениеттану секциясы); Тоқтамыс Досан – ІІ орын (информатика секциясы); Аманай Баубек, Бошаев Нұрберген – ІІІ орын (тіл білімі секциясы); Бисенбин Мерей, Нақберген Нұрхан – ІІІ орын (тіл білімі секциясы) иеленді.
Жеңіс тұғырынан танылған оқушыларды және жетекшілерін құттықтаймыз.
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе
облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернаты