Ақтөбе Білім-инновация лицейінде белгілі ақын Төлеген Айбергеновтің 80 жылдығына орай «Сағынып келіп, сағынтып кеткен ер еді» атты әдеби кеш өткізілді. Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында дүниеге келген Төлегеннің атамекені — Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы.
Әдебиет әлемінде жұлдыздай ағып түскен қайталанбас дара тұлға – Т.Айбергеновтің отыз жылдық ғұмырында соңына қалдырған мұрасын насихаттауға бағытталған шараға лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері ұйытқы болды. Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, қаламгердің өмірі мен шығармашылығына байланысты бейнефильмдер тамашалап, викториналық сұрақтарға жауап берді. Асқақ арманымен жырдың жарық жұлдызына айналған Төлеген Айбергеновтің өлеңдері әр шәкіртті қазақ әдебиетінің құдіретті әлеміне жетелеп, жүрегіне нұр сәулесін түсіргені анық.
2017 жылғы 14 сәуірде Ақтөбе білім-инновация лицейінде жалпы білім беретін мектептер мен облыстық білім беру ұйымдарының 5-6 сынып оқушылары арасында кешенді «Достық-2017» облыстық олимпиадасы өтті. Оқушылар аталған олимпиадада 4 пән – қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, ағылшын тілі - бойынша тест тапсырды. Жауап парақтары сканер арқылы тексерілді. Аудан, қала мектептерінен барлығы 280 оқушы қатысып, оның 70-і жүлдегер атанды.
Химия олимпиадасы қазақтың көрнекті ғалымы, Қазақстанның химия ғылымы негізін қалаушы академик Әбікен Бектұровтың құрметіне Павлодар қаласында үшінші жыл өткізілді. 2017 жылғы 11-13 сәуір күндері өткен білім додасында Қазақстанның 9 аймағынан, Алматы және Астана қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», Ресей Федерациясының Новосібір, Омбы ққ., Татарстан және Саха (Якутия) Республикаларынан 68 оқушы, 19 команда бақ сынасты.
Халықаралық олимпиадаға лицейдің 4 оқушысы қатысты, олар - Каипов Алмаз, Сағатбеков Дінмұxамед, Есенгазин Азамат және Хайруллин Алимжан. 10-сынып оқушысы Есенгазин Азамат қола медаль иегері атанды.
Жеңіске қол жеткізген оқушымыз бен оның ата-анасын, ұстазы Балмасов Дамир Табылдыұлын құттықтаймыз!
Ақтөбе білім-инновация лицейінде Физика күніне орай 7-сынып оқушылары арасында пән мұғалімдері Боранбаева Ақгүл, Мамбетов Бақбергеннің ұйымдастыруымен «Mousetrap car» жарысы өткізілді. Жарысқа балалар белсене қатысып, физика пәні бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолданып, өзара сынға түсті. Жеңімпаз оқушылар марапатталды.
Лицейіміздің тәрбиешілері – Есенәлиев Райымбек, Раисов Әділет, Тлегенов Ерген 2017 жылдың 12-13 сәуір күндері арасында Қоркыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде студенттер арасында өткізілген IX Республикалық пәндік олимпиадаға 5B010900-МАТЕМАТИКА мамандығы бойынша қатысып, командалық есепте жүлделі II орынға ие болды! Жеке есепте 3-курс студенті Раисов Әділет жүлделі 3-орынға ие болды.
Құттықтаймыз, талаптарыңа нұр жаусын!
Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Өмірбекова Сәуле Рахымқызы Ақтөбе білім-инновация лицейіне келіп, жұмыс барысымен танысып, лицейдің педагог ұжымымен пікірлесті. Дарынды оқушыларға арналған лицей-интернат ұстаздарының инновациялық жұмыс жүйесімен танысты.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп XXVIII Азиялық-Тынықмұхиттық математикалық олимпиаданы (АТМО) және XV «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиаданы өткізді (ЖЖМО). Осы интеллектуалдық олимпиадаларды өткізудегі негізгі идея – математика саласындағы дарынды оқушыларды анықтау, дамыту, қолдау және қатысушы елдер арасында білім беру және ғылыми байланыстар жасауға ықпал ету. АТМО-ға 30-дан астам мемлекет қатысты: Аргентина, Австралия, Ресей, АҚШ, Канада, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика және т. б. ЖЖМО-ға Ұлы Жібек жолы жағасындағы орналасқан мемлекеттер қатысты: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Түркия, Әзербайджан, Қытай, Тәжікстан және т.б.
Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасында оқушыларымыз -Коптлеуов Ерболат күміс медаль, Сеит Дамир және Ахметкерей Дастан - қола медальдарға ие болды. Халықаралық білім бәсекесінде жүлделі орын иеленген шәкірттерімізді, олардың ата-аналары мен ұстаздарын құттықтаймыз.
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған Білім инновация лицей-интернатында Республикалық «Бір ел – бір кітап», аймақтық «Оқитын өлке» акциясы аясында «Бір тоқсанға – екі кітап» шарасы ұйымдастырылды. Бұл акциялардың мақсаты - қазақ әдебиетінің үздік туындыларын оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау. Әр тоқсан сайын қорытындысы шығарылып, шара жеңімпаздары марапатталады. ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша 8 «Ә» класс оқушылары Құрманғазы Арман, Айбар Метин Джан, 9 «А» класс оқушылары Аманбай Барақ, Абдиров Асылжан, Шаяхметов Нұрзат марапатталды.
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту, қолдау, педагогикалық идеяларын айқындау, өз бетімен іздену арқылы біліктілігін, әдістемелік шеберлігін жетілдіру мақсатында 2017 жылдың 3 сәуірінде ХІІ Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Өңіріміздің 41 жас мұғалімі 3 кезеңнен тұратын сайыста өзін-өзі таныстырып, педагогикалық жобаларын қорғап, портфолиоларын ұсынды. Лицейіміздің атынан қатысқан жас маман – биология пәні мұғалімі Молдатаев Алигасан Талғатбекұлын жүлдегер атануымен және Республикалық кезеңге өтуімен құттықтаймыз! Сәттілік пен жеңіс тілейміз.
Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, педагогикалық шеберлігі, жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін Ақтөбе білім-инновация лицейінің мұғалімдері Базарғалиева Б.Т. Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен; Дузимова А.М., Башембаева Г.М., Бермағамбетова Н.А., Азимова Н.Т., Батырғалиева А.Ғ., Жантикенова К.Қ., Туысова А.Е. Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының Құрмет грамотасымен; Молдатаев А.Т. Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының Алғыс хатымен марапатталды. Бисекенов Б.М., Аликулов А.С., Мамбетов Б.О. «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының; Балмасов Д.Т., Мамбетов Б.О., Нурматов Б.С. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы тарапынан марапатталды.
Ақтау қаласында 2017 жылғы 24-29 наурыз аралығында өткізілген қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатынан 3 оқушы қатысты. Зияткерлік жарысқа қатысқан лицейдің 3 оқушысы да бәсекелі білім додасында жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальға ие болды.
Қазақ тілі пәні бойынша 8-класс оқушысы Айбар Метин Джан – алтын медаль және І дәрежелі диплом, пән мұғалімі Базарғалиева Баян; Қазақстан тарихы пәні бойынша 9-класс оқушысы Махатов Жұмабек - күміс медаль және ІІ дәрежелі диплом, пән мұғалімі Батыргалиева Айгүлім; ағылшын тілі пәні бойынша 10-класс оқушысы Ахметов Мирас – қола медаль және ІІІ дәрежелі диплом, пән мұғалімі Аймукатов Тулеген.
Облыс намысын қорғап, өз білімдерін дәлелдеп келген оқушыларымызды, олардың ата-аналары мен ұстаздарын шын жүректен құттықтап, жоғары белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы №638 «2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы өткізу туралы» бұйрығының негізінде 13-18 наурыз аралығында Павлодар қаласында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Бұл - математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндерінен республика бойынша әр облыстан үздік деп танылған оқушылар арасындағы зияткерлік сайыс.
Республикалық олимпиада өз болмысы мен мазмұны тұрғысынан Президентіміздің «Зияткер ұлт - 2020» ұлттық жобасының идеясына сәйкес келеді.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру, теориялық білімдерін тереңдетіп, тәжірибелік іскерліктерін шыңдау, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаға іріктеу және даярлау.
Республикалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары 14 медальға және 1 мақтау қағазына қол жеткізді.
Алтын медаль және І дәрежелі диплом иеленіп, 4 оқушы жеңіс тұғырынан танылды. Олар:
Албаков Қайрат 10-класс оқушысы /биология/ - мұғалімі Молдатаев Алигасан.
Усенов Диас 9-класс оқушысы /информатика/ - мұғалімі Нурматов Бабир.
Қайрлы Нұрлыхан 10-класс оқушысы /информатика/ - мұғалімі Нурматов Бабир.
Туредин Аблайхан 11-класс оқушысы /география/ - мұғалімі Қалбек Санзира
Күміс медаль және ІІ дәрежелі дипломмен 6 оқушы марапатталды:
Айтқали Ақылбек 9-класс оқушысы /информатика/ - мұғалімі Нурматов Бабир.
Каипов Алмаз 9-класс оқушысы /химия/- мұғалімі - Балмасов Дамир.
Ахметкерей Дастан 10-класс оқушысы /математика/ - Утеубаев Нариман.
Бауыржан Алмат 10-класс оқушысы /физика/ - Мамбетов Бақберген.
Есенгазин Азамат 10-класс оқушысы /химия/ - Балмасов Дамир.
Баймұратов Мейірбек 9-класс оқушысы /биология/ - мұғалімі Молдатаев Алигасан.
Қола медаль және ІІІ дәрежелі дипломмен 4 оқушы марапатталды:
Гапуринов Ержан 10-класс оқушысы /информатика/ - мұғалімі Нурматов Бабир.
Хайруллин Алимжан 11-класс оқушысы /химия/ - Балмасов Дамир.
Қожахмет Нұрәділ 10-класс оқушысы /информатика/ - мұғалімі Нурматов Бабир.
Жангунисов Дильжан 9-класс оқушысы /информатика/ - мұғалімі Нурматов Бабир.
Мақтау қағазымен 1 оқушы марапатталды: Абдрахманов Жасұлан 9-класс оқушысы /физика/ - Мамбетов Бақберген.
Ақтөбе облысының командасы «Ең үздік олимпиада командасы – 2017» номинациясы иегері атанды.
Облыс намысын қорғап, өз білімдерін дәлелдеп келген оқушыларымызды, олардың ата-аналары мен ұстаздарын шын жүректен құттықтап, жоғары белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!
2017 жылғы 10-11 наурыз күндері Ресей астанасы Мәскеу қаласында М.Г.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің және физика-техникалық институтының ұйымдастыруымен оқушылардың компьютерлік бағдарламалау бойынша халықаралық ашық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға Ақтөбе білім-инновация лицейінің 3 оқушысы қатысты. 9 «А» сынып оқушысы Айтқалы Ақылбек осы білім сайысында қола медаль жеңіп алды. Жеңіс тұғырынан танылған оқушымызды, ата-анасын, ұстазы Нурматов Б. ағайды құттықтап, шәкірттерімізге республикалық олимпиадада сәттілік тілейміз.
2017 жылғы 11 наурыз күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясы, Ж.Кереев атындағы орта мектебінде «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде жүргізу әдістемесі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің меңгерушісі Нукеева Г.К. және Темір аудандық әдістемелік орталығының директоры Темірханова Г.Т. қатысты.
Семинар барысында Ақтөбе білім-инновация лицейінің физика пәні мұғалімі Мамбетов Б.О., химия пәні мұғалімі Балмасов Д.Т., информатика пәні мұғалімі Нурматов Б.С. озық тәжірибелерін ортаға салып, шебер-класс өткізді. Семинарға қатысушылар тарапынан лицей ұстаздарының жұмысы жоғары бағаланды.
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамына орай ұжымдағы барлық апайларды оқушылар мен ер азаматтар құттықтап, концерт ұйымдастырып, жылы лебіздерін арнады.
Ақтөбе білім-инновация лицейінде әр тоқсан сайын педконсилиум ұйымдастыру дәстүрге айналған. 7-9 сынып оқушыларының ата-аналары мен пән мұғалімдері жүздесіп, балалардың оқуға ынтасы, үлгерімі, тәртібі, тәрбиесі туралы пікірлесті. Ата-аналар балаларының күнделікті жұмыс дәптерлері мен жазба жұмыстары, емтихан мен БТС нәтижелерін көрді. Өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Білім сапасын жетілдірудің үздік үлгісі ретіндегі педконсилиумдардың бала тәрбиесі мен болашағына берері мол.
Ақтөбе Білім-инновация лицейінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай барлық сыныптарда «Алғыс айту - парызым» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Жантикенова К.Қ. «Ұстаз, саған мың алғыс!» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Лицей оқушылары ұстаздары мен ата-аналарына бейнеқұттықтаулар арқылы тілек, алғыстарын жеткізді. Оқушылар «Ризашылық пен алғыс», «Океан любви к родителям» тақырыптарында эссе жазып, шығармашылық жұмыстары арқылы өз ойларын әсерлі жеткізе білді. 8 «Ә» сыныбының жетекшілері Боранбаева А.Я. мен Мамбетов Б.О. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі - Ким Марина Алексеевнамен кездесу өткізіп, әсерлі әңгіме өрбіді. Технология пәнінің мұғалімі Туысова А.Е. «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз», «Ата-анам -алтын тұғырым», «Ата-анама мың алғыс» тақырыптарында қолөнер бұйымдары мен суреттер көрмесін ұйымдастырды.
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы, Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының бірлесе ұйымдастыруымен 3 наурыз күні «Алаш» партиясының және Алашорда үкіметінің құрылуының - 100 жылдығына орай «Алаш идеясы – біртұтас ел идеясы» тақырыбында өткізілетін тарихи-танымдық кеш өткізілді.
Мақсаты - «Алаш» партиясының және Алашорда үкіметінің құрылуының, Алаш идеясының Тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік ел» идеясымен, біртұтас ел болу идеясымен үндестік табатындығына тоқталу; елі үшін қызмет еткен Алаш арыстары өмірі мен қызметіне ерекше назар аудара отырып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Тарихи-танымдық кешке Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих факультетінің аға оқытушысы Бақыт Айшуақ Дәрменұлы, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Талаева Клара Өтетілеуқызы, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ержанов Арман Құдайбергенұлы, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің өлке тарихын ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ертемиров Айбек Сламғалиұлы, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі Алатаева Гүлмайрам Әбубәкірқызы, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының оқу залы бөлімінің кітапханашысы Бейісова Гүлзада Бағдәулетқызы, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Тарихи-танымдық кешке облыстың мамандандырылған мектептері - М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты, Ақтөбе қаласы № 21 үш тілде білім беретін мектеп-гимназиясы ұстаздары мен оқушылары шақырылды.
Тарихи-танымдық кеш барысында «Алашорда үкіметінің құрылуы және оның көшбасшылары», «Алаш зиялылары және жапондық модель», «ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысының тарихта алар орны», «Облыстық музейдің «Алаш» экспозициясы», «Жасымай Алашына қызмет еткен» тақырыптарында баяндамалар оқылып, «Алаш тағылымы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының ұстаздары мен оқушылары өз өнерлерін көрсетті: химия пәні мұғалімі Балмасов Дамир Табылдыұлы «Туған жер» әнін тамылжыта шырқады, 10-сынып оқушылары Алаш арыстары өмірінен сахналық қойылым дайындап, 7-сынып оқушысы Қуан Ерназар, 9-сынып оқушысы Лиман Нұрсұлтан, 10-сынып оқушысы Төлеуов Әділбек арыстарға арналған өлеңдер оқыды, 9-сынып оқушылары Лиман Нұрсұлтан мен Мұқанов Батырхан «Қазақ елі» әнін орындады.
Кеш қорытындысында «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО тарапынан аталған шараны өткізуге белсене қатысқан лицей ұстаздары марапатталды.
2017 жылдың 18 ақпан күні Ақтөбе қаласында өткен Британдық Southbourne мектебінің "Insight Lingua Olympiad 2017" ағылшын тілі олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді. Білім додасында І орын иесі атанған 10-сынып оқушысы Жанабай Иса мен ІІ орын иеленген 9-сынып оқушысы Аманбай Барақты құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы №11-2/3 шығыс хаты негізінде 2017 жылғы 24 ақпанда Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернаты негізінде республикалық «Жарқын болашақ» атты қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
«Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі мақсаттары мен міндеттері: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту; қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау; оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту; оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру және оларды үйреніп-білуге ынталандыру; тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау.
Қазақ тілі олимпиадасы - «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы мен облыстық қазақ-түрік лицейінің тарапынан жыл сайын бірлесе өткізілетін шара. Олимпиадаға қазақ және өзге ұлт мектептерінде оқитын 7–11 класс оқушыларынан жасақталған 16 команда, оның ішінде 12 аудан, 3 облыстық мамандандырылған білім ұйымдары мен Ақтөбе қаласының құрама командалары, барлығы 113 оқушы қатысты. Байқау барысында оқушылар бес бағыт бойынша сынға түсті: «Тілші-әдебиетшілер» бағыты – қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін бағалау жарысы; «Сөз шеберлері» бағыты - қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу жарысы; «Әнші-бұлбұлдар» бағыты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және талантты жастарды анықтау мақсатында өткізілетін байқау, «Жас ғалымдар» бағыты – оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жобалар жарысы, «Жазушылар» бағыты - оқушылардың шығармашылық жарысы.
Олимпиадаға жоғары оқу орындарының оқытушылары және облысымыздың тәжірибелі мұғалімдері қазылық етті. Олимпиаданың қорытындысы негізінде оқушылар 49 жүлделі орынмен және 14 мақтау қағазымен марапатталды. І орын алған оқушылар республикалық кезеңге жолдама алды.