АҚТӨБЕ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІ
«Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернаты" мемлекеттік мекемесі 1993 жылы Қазақстан Республикасы оқу министрлігінің 27.07.1993ж. № 0324-05/382 бұйрығы, Ақтөбе облыстық әкімінің 10.08.1993ж. № 481 шешімі, Ақтөбе облыстық білім басқармасының 19.08.1993ж. бұйрығы негізінде ашылды.
Лицейдің ресми түрде ашылу салтанаты 1993 жылдың 9 қыркүйегінде облыс әкімінің орынбасары Аслан Мусин және облыстық білім басқармасының бастығы Аманкелді Есіркеповтың қатысуымен өтті.
2004 жылдың 30 наурызындағы № 81 бұйрығымен қазақ-түрік лицейі Облыс әкімінің шешімімен «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты», 2009 жылы №242 бұйрығымен «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернаты» деп атауы өзгертілді.
ЛИЦЕЙДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталған;
- «Лучшая олимпийская школа - 2003»;
- «Лучшая школа - 2006»;
-О.Жаутыков атындағы халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік команда- 2009»;
-«Ең үздік жаңашыл мектеп-2009»;
- 2010 жылы Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында «Үздік мектеп» атағы;
- 2011 жылы Назарбаев Университетінің «Сіздердің биік жетістіктеріңіз – сіздердің шәкірттеріңіз. Назарбаев университетіне қабылданған студенттердің нәтижелеріне негізделген Қазақстан мектептерінің дәрежелеу жүйесінде І орын Ақтөбе ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейіне беріледі» мәтіні жазылған Сапа сертификаты;
-облыстық олимпиада қорытындысы бойынша лицей оқушыларының командасы 2006-2012 жылдары Ақтөбе облысының білім басқармасының «Үздік олимпиадалық команда» дипломдары;
- 2007 – 2009 жылдары Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша лицей ұжымына облыс әкімінің «Алғыс хаты»;
-2009-2011 жылдары облыс әкімінің конкурс-марафонында «Ең үздік инновациялық мектеп» атағы;
-2010-2012 облыс әкімінің «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурста «Орта білім беретін үздік ұйым лауреаты» дипломымен марапатталды.
- 2012-2013 оқу жылдары облыстық олимпиада қорытындысы бойынша лицей оқушыларының командасы Ақтөбе облысының білім басқармасының "Үздік олимпиадалық команда" номинациясын иеленді.
- 2012-2013 B16 оқу жылында республикалық олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін "Ең үздік олимпиадалық мектеп-2013" номинациясымен;
- 2013-2014 оқу жылында облыстық олимпиада қорытындысы бойынша лицей оқушылары белсенділік танытып, жетістікке жеткені үшін Ақтөбе облысының білім басқармасының "Үздік олимпиадалық мамандандырылған мектеп командасы" және "Облыстың үздік олимпиадалық командасы" номинацияларымен;
- 2013-2014 оқу жылында республикалық олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін "Ең үздік олимпиадалық мектеп-2014" номинациясымен;
- 2013-2014 оқу жылындағы республикалық пәндік олимпиадаларында үздік көрсеткіш көрсеткені үшін қазақ-түрік лицейлері арасында ІІ дәрежелі Дипломмен;
- 2013-2014 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі, Алтын белгі саны жағынан жоғары көрсеткіш көрсеткені үшін қазақ-түрік лицейлері арасында І дәрежелі Дипломмен;
Ақтөбе облыс әкімі А. Мұхамбетов Тамыз кеңесінде Сапалы білім беруде қол жеткізген жетістіктері үшін Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатын ІІ дәрежелі Дипломмен (ақшалай сыйлық 500 000 тенге), орыс тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Баймуратова Зинайда Жакиевна «Алғыс хатпен» марапатталды. Облыстық кәсіподақ комитеті Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылық жетістіктері үшін лицей мұғалімдері Туысова Ақтоты Ерсаинқызы мен Спандиярова Гулмира Сатыбалдиевнаға Түркия мемлекетіне туристік саяхаттауға Сертификатпен марапаттады.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:
ОБЛЫСТЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ: 146-АЛТЫН, 199-КҮМІС, 172- ҚОЛА
ОБЛЫСТЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 84-АЛТЫН, 90-КҮМІС, 53- ҚОЛА
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ: 83-АЛТЫН, 59-КҮМІС, 31-ҚОЛА
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 28-АЛТЫН, 17-КҮМІС, 18-ҚОЛА
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫ: 72-АЛТЫН, 47-КҮМІС, 28-ҚОЛА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 40-АЛТЫН, 42-КҮМІС, 298-ҚОЛА
БАРЛЫҒЫ: 1277
2013-2014 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР:
2013-2014 оқу жылында облыстық олимпиада: 30-алтын, 20-күміс, 16 - қола;
облыстық жоба жарысы: 14-алтын, 19-күміс, 16-қола;
республикалық пән олимпиадасы: 5-алтын, 13-күміс, 7-қола;
республикалық жоба жарысы: 2-алтын, 1-күміс, 6-қола;
халықаралық білім олимпиадасы: 4-алтын, 4-күміс, 11-қола;
халықаралық жоба жарысы: 5-алтын, 3-күміс, 4- қола;
Барлығы: Алтын:-60; 60-күміс; 60-қола; Барлығы: 180